ЖК үшін СЕН 910-ды қалай қалыптастыру керек?
MyBuh.kz сервисінде 910 нысанын автоматты түрде тапсыру үшін «Бухгалтерия – Салықтық есептер» бөліміне өту қажет. Одан бұрын, салық нысанында ЖК туралы барлық деректер автоматты түрде көрсетілуі үшін «Менің деректерiм» бөлімінде барлық деректеріңізді/реквизиттеріңізді толтыру қажет. Реквизиттерді толтырғаннан кейін «Салықтық есептер» бөліміне өтіп, «910 нысанын қосу» батырмасын басыңыз.
Есептілікті тапсыру мерзімін таңдаңыз, есептілікті толтыру тәсілін таңдаңыз: автоматты - Егер сіз біздің сервисімізде сатылымдар мен қызметкерлердің табыстарын есепке алсаңыз, онда сіз осы деректер негізінде декларацияны толтыра аласыз. Сіздің сатылымдарыңыз негізінде табыс толтырылады. «Кадрлар мен жалақы» бөлімінің деректері негізінде қызметкерлер тізімі толтырылады, Қолмен - Нөлден бастап өзіңіз толтырыңыз.
Жалпы ақпарат бөлімінде сіздің реквизиттеріңіз көрсетіледі. Есеп түрі: егер декларацияны ұсыну міндеттемесі алғаш рет туындаса, «Бастапқы» түрін таңдаңыз, егер сіз бұрын 910 нысанын тапсырған болсаңыз, «Кезекті» таңдаңыз. Егер қызметті тоқтатсаңыз, «Ликвидациялық» түрін таңдаңыз. Егер сіз бұрын ұсынылған декларацияға өзгерістер немесе толықтырулар енгізгіңіз келсе, «Қосымша» түрін таңдаңыз.
Сіз ЖСН/БСН және компания атауы автоматты түрде толтырылғанын көре аласыз. Резиденттік статусын таңдаңыз, бухгалтерлік есеп жүргізетініңізді көрсетіңіз. Содан кейін ЖК тіркелген жердегі салық органының кодын және прописка бойынша салық кодын, сондай-ақ, егер бар болса, әкім аппаратының БСН кодын көрсетіңіз. Егер «Менің деректерiм» бөлімінде сіз бұрын УӘД кодын толтырған болсаңыз, деректер автоматты түрде алынады. «Келесі» батырмасын басыңыз.
Келесі бөлімде қолданылатын қызмет түрлерін, табысты және қызметті жүзеге асыратын орынды көрсетіңіз. Сондай-ақ, салық салынатын базаны азайту сомасын көрсете аласыз. «Табыс туралы деректер қосу» батырмасын басыңыз.
Қызмет орны бойынша табыс туралы барлық қажетті деректерді толтыру қажет. Егер сізде кезең ішінде табыс болмаса, 0 көрсетіңіз. Егер сізде бірнеше қызмет орны болса, оларды да көрсету қажет.
Келесі бөлім ЖК үшін салықтар мен әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін арналған. Тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар үшін табысты көрсетіңіз. Егер ЖК-да әлеуметтік статус болса, қажетті статусқа белгі қою қажет. Деректерді дұрыс толтырғаннан кейін «Өзгерiстердi cақтау» батырмасын басыңыз.
Сіздің алдыңызда қағаз түріндегі құжат ашылды. Сіз есептілікті өзгерте аласыз, жоя аласыз, басып шығара аласыз немесе PDF форматында жүктей аласыз. Салыққа есепті жіберу үшін «Салық органына жіберу» батырмасын басыңыз. ЭЦҚ таңдаңыз, ЭЦҚ паролін енгізіңіз. Есепті жібергеннен кейін, біраз уақыттан кейін есептің статусын оң жақ жоғарғы бұрышта жаңартыңыз, дұрыс жіберу статусын «Есеп тапсырылды» деп көрсетіңіз.
Жаңартылды 09.07.2026, 10:03
Жауап пайдалы болды ма?
Сіздің жауабыңыз материалдарды жақсартуға көмектеседі








